🏘️ «Денсаулық, Қайырымдылық, Өзара көмек» қауымдастығының мүмкіндіктері
Бірлік бар жерде — тірлік бар, өзара көмек бар жерде — мүмкіндік бар!
«Денсаулық, Қайырымдылық, Өзара көмек» қауымдастығы адамдарды ортақ мақсаттар төңірегінде біріктіріп, денсаулықты нығайтуға, өзара қолдау көрсетуге, білім мен тәжірибе алмасуға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Қауымдастық өз қызметін мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыруды көздейді:
| 🤝 | Өзара көмек және әлеуметтік қолдау — мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, пайдалы ақпарат пен тәжірибе алмасу. |
| 🌿 | Денсаулық және салауатты өмір салты — дұрыс тамақтану, денсаулықты күту, дене белсенділігі және зиянды әдеттердің алдын алу. |
| 🎓 | Білім, тәжірибе және мамандар кеңесі — әртүрлі сала мамандарының жалпы кеңестері мен пайдалы ақпараттарын ұсыну. |
| 📊 | Қаржылық сауаттылық және құқықтық ақпарат — қаржылық тәуекелдерді бағалау, келісімшарттарды түсіну және алаяқтықтан сақтану. |
| 🏠 | Отбасы және күнделікті тұрмыс — отбасылық қарым-қатынас, тұрмысты ұйымдастыру, өмірлік мәселелерді шешу тәжірибесімен бөлісу, уақытты тиімді пайдалану және күнделікті өмірге қатысты пайдалы кеңестер мен лайфхактар. |
| 🧿 | Халықтық дәстүрлер мен жеке сенім — тіл-көз, дуа, қарғыс сияқты халықтық ұғымдар және рухани-танымдық тақырыптарды талқылау. Қалауы бойынша жұлдызнама және нумерология тақырыптарымен танысу. Бұл бағыт мәдени қызығушылық пен жеке сенімге негізделген. |
| 🛒 | QOLDAU интернет-дүкені және сату агенттігі — тауарларды жеңілдікпен сатып алу және бағдарлама талаптарына сәйкес сатылымнан сыйақы алу мүмкіндігі. Мүшелер тауарларды 50%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады және сату агенті ретінде нақты сатылымнан сыйақы алу мүмкіндігіне ие болады. Интернет-дүкенге өту. |
| 💻 | Интернет-сауда және кәсіпкерлікті дамыту — онлайн-дүкенмен жұмыс істеу, тауар өткізу және шағын бизнесті дамыту тәжірибесімен бөлісу. |
| 🛒 | Интернет-дүкен арқылы тауар сатып алу — қауымдастық мүшелері өздеріне қажетті әртүрлі тауарлар мен өнімдерді интернет-дүкен арқылы тапсырыс беріп, жеңілдікпен ұсынылатын бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады. мүмкіндіктерге қосу керек |
| 📢 | Басқа компаниялардың өнімдері мен қызметтері — қауымдастыққа мүше компаниялар өз өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты QOLDAU платформасында жариялауға ұсына алады. |
| 🏖️ | Шипажайда демалу мүмкіндігі — бағдарлама талаптарына сай белсенді сату агенттеріне жолдама түріндегі сыйақы алу мүмкіндігі. |
| ✈️ | Халықаралық саяхат бағдарламасы — нақты сатылым нәтижелері мен белгіленген шарттарға сәйкес саяхатқа арналған қосымша сыйақы алу мүмкіндігі. |
| 🚗 | Автокөлік пен баспана алу жолдары — ипотека, банк несиелері, мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес және тұтыну коопеперативтері арқылы автокөлік немесе баспана алу жөнінде ұсыныстардыталқылау. |
Қауымдастықтың басты ұстанымы — мейірімділік, сенім, әрекет және нақты қолдау. Әр мүше өз қызығушылығына сәйкес бағыттарды таңдап, өз білімі мен тәжірибесін ортақ игілікке пайдалануға мүмкіндік алады.
Қауымдастыққа қатысу ерікті. Нақты қызметтер мен бағдарламалардың шарттары жеке ережелермен белгіленеді. Сыйақы, жолдама немесе әлеуметтік қолдау алу тиісті талаптардың орындалуына байланысты және автоматты түрде кепілдік берілмейді.